Менің ішімде оянған ерекше - адам
Соңына дейін жеткізер мені бір - арман
Иә білемін кейде бәрі біз үшін - жалған
Бірақ мен берілмеймін - мен қаһарман
Мақсатыма жетемін қолымды созам
Жолымда бар кедергі мен бәрін - бұзам
Қайда апарар жолым осы мен барған?
Иә бәрібір сынбаймын - мен қаһарман
Жүр менімен бірге жүр менімен
Уақыт өткінші маңдайға жазып салған
Қанша қателессең де өзің ғой барған
Иә білемін кейде бәрі біз үшін - жалған
Қайда жүрсің? Не істеп жүрсің? Ей қаһарман?
Жүр мақсатпен бірге жүр мақсатпен