LyricFind Logo
LyricFind Logo
Profile image icon
Lyric cover art

Tungi X I I

Apple Music logo
Deezer logo
Spotify logo
Lyrics
Айлы түнде қалдық еркем кездесіп,
Аспандағы жұлдыз санап жүздесіп.
Апарайын Ақ Жайыққа,
Ақ желкенді жел қайықта.
Асау толқын тұрсын алыс естіліп.

Арман болған Қыз Жібектей сұлуым,
Жүрегіңнің тарту етші жылуын.
Елігімдей еркелеген,
Ет жүрегім елжіреген,
Ішкендеймін махаббаттың мен уын.

Асықтым аңсарым мен өзіңе,
Ғашық боп саған өмірде.
Ажары айдай нұрлы сәулем,
Салған ұя ғашық көңілге.

Аяулым менің асылым,
Қалағаным сен.
Бақытым боп әрдайым,
Қасымда жүрсең.

Алау боп жанам жаным,
Сезімді үрсең.
Жүрегім жылынар өзің,
Күнімдей күлсең.

Теңіздің түбіндегі жауһардай маржан тасым,
Сергелдең сені ойлап айналған ғашық басым.
Қылығыңмен қинайсың сұлу қыз тоқтай тұршы,
Бері келші, сөйлеме, түш, беліңнен құшақтайын.
Үлбіреп үзілердей қызарған еріндерің,
Сырғасы сыңғыр еткен не деген керім едің.
Қала түнгі шамдарын жаққан кезде күт мені,
Түнгі он екі ұйықтама гүлмен келемін

WRITERS

Amanjol Nauryzbaev

PUBLISHERS

Lyrics © O/B/O DistroKid

Share icon and text

Share


See A Problem With Something?

Lyrics

Other